Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Бастамашылдық пен көшбасшылықтың жеңісі: МИТУ үздіктерін ұлықтады
20 Мамыр 2025                  622
Бастамашылдық пен көшбасшылықтың жеңісі: МИТУ үздіктерін ұлықтады

2025 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттерді марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға университет ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова қатысып, мерекеге ерекше мәртебе берді. Бұл күн университет өміріне белсене араласып, өз бастамаларын жүзеге асыруда үлгі болған студенттердің еңбегінің мойындалуы ретінде есте қалды. «Үздік эдвайзер» және «2025 жылдың үздік студенті» номинациялары бойынша жеңімпаздар университеттік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі ерекше белсенділігі үшін марапатталды. Салтанатты жиында халықаралық ынтымақтастық пен шетелдік студенттердің үлесіне ерекше назар аударылды. Бұл МИТУ-дың көпмәдениетті, ашық және заманауи академиялық орта екенін көрсетіп, студенттер арасында мәдени алмасуға және түрлі дәстүрлермен танысуға мүмкіндік береді. МИТУ әлемнің әр түкпірінен жиналған дарынды, мақсаткер және жаңашыл студенттерімен мақтанады. Баршаңызға белсенділігіңіз, дамуға деген ұмтылысыңыз үшін алғыс айтамыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың жетістіктері барша студентке шабыт берсін деп тілейміз!