METU университетінде оқу жылының қорытындысы бойынша ең белсенді және табысты студенттер мен эдвайзерлерге ректордың атынан алғыс хаттар табысталған салтанатты рәсім өтті. Бұл іс-шара жыл бойы өзін жақсы қырынан көрсеткен, оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары жетістіктерге жеткен, сондай-ақ студенттерге қолдау көрсетуге үлкен үлес қосқан тұлғалардың еңбегін мойындау болды.
Оқу жылының қорытындысы бойынша Бағдарламалық инженерия кафедрасының үздік эдвайзерлері ретінде төмендегілер танылды - Демеубаева Лаура Құрманғазиқызы, Мырзаханова Қаракөз Еркінқызы, Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы. Оларға студенттерге деген жанашырлықтары, кафедра өміріне белсенді қатысулары және өз істеріне адалдығы үшін университет ректорының атынан алғыс хаттар табысталды.
Бағдарламалық инженерия кафедрасы барлық марапат иелеріне шын жүректен алғыс білдіріп, кәсіби және академиялық қызметтерінде табыс тілейді!