Маусымның 4-і — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Бұл — еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде қабылданған тарихи маңызды күн. 1992 жылы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның егемендігін, бірлігін және ұлттық болмысын айқындайтын рәміздер бекітілді. Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, арман-тілегін бейнелейтін қасиетті нышандар. Осы атаулы күнге орай ғылыми кітапханада арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Ту, Елтаңба, Әнұранның тарихы мен маңызын ашатын материалдар ұсынылды. Шараның мақсаты — оқырмандардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, патриоттық сезім қалыптастыру.