2025 жылғы 4 маусымда елімізде
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аталып өтуде. Бұл — ұлттық
бірегейлігіміздің, егемен еліміздің айбыны мен абыройының көрінісі болып
табылатын маңызды мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — халқымыздың
тәуелсіздігі мен тұтастығының, елдік санасы мен отаншылдығының символы. Олар —
әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатын қасиетті ұғымдар. Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және
әлем тілдері» кафедрасы университет ұжымын, студенттер қауымын және барша
қазақстандықтарды Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – жас
ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда
ерекше мәнге ие. Университетімізде білім алып жатқан студент жастарға
мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұнын түсіндіру, оларға деген құрмет
сезімін қалыптастыру — басты тәрбиелік бағыттардың бірі. Әрбір студент пен
оқытушы бұл мерекенің идеологиялық және рухани маңызын терең сезінуі тиіс. Бүгінгі
таңда Туымыз биікте желбіреп, Елтаңбамыз ел еңсесін көтеріп, Әнұранымыз
халықаралық ареналарда асқақтап тұр. Бұл — еліміздің жетістігіне, бірлігіне
және болашаққа деген сенімге негізделген ортақ мақтанышымыз. Мемлекеттік
рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлттық рухымыздың айғағы, болашаққа жол
бастар темірқазығымыз. Баршаңызға зор денсаулық, татулық пен ынтымақ, ел
игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!