2025 жылғы 2 маусымда Новосібір қаласында Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ, Қазақстан) делегациясының Новосібір
мемлекеттік университетінің (НГУ, Ресей) басшылығымен ресми кездесуі өтті. Кездесу
аясында екі университет арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылды.
Тараптар
іргелі және қолданбалы зерттеулер, ғылыми кадрларды даярлау, академиялық
ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру бағытындағы
бірлескен қызметтің келешегін талқылады. Студенттер мен оқытушылар алмасу,
сондай-ақ екі елдің жетекші зертханалары мен ғылыми орталықтарында ғылыми
тағылымдамалар мен практикаларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Іс-шараға
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік
академиясының өкілдері де қатысты, бұл кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы
ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан маңызды екендігін
айқындады. Қатысушылар серіктестік байланыстарды кеңейтуге және инженерия,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнология және аграрлық ғылымдар
салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
Келісімге қол қойылуы Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-білім беру кеңістіктерін біріктіру жолындағы маңызды қадам болып табылады және МИТУ студенттері мен зерттеушілеріне арналған халықаралық мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Новосібір мемлекеттік университеті – Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі, QS World University Rankings халықаралық рейтингі бойынша әлемнің үздік 500 университетінің қатарына кіреді. Сондай-ақ, университет Times Higher Education сияқты басқа да беделді халықаралық рейтингтерде, соның ішінде пәндік және тұрақты даму бағыттары бойынша жоғары орындарға ие. Бұл университеттің академиялық және ғылыми әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.