Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Университет қабырғасынан – ІТ саласының шыңына: түлектерге диплом табысталды
04 Шілде 2025                  1101
Университет қабырғасынан – ІТ саласының шыңына: түлектерге диплом табысталды

2025 жылдың 3 шілдесінде Алматы қаласындағы «Бақшасарай» салтанат залында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері үшін бұл күн – университеттік жолдың аяқталып, ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби мансаптың басталғанының жарқын белгісі болды.

Салтанатты шарада ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімі сезілді. Университет басшылығы, оқытушылар, түлектердің ата-аналары мен жақындары осы маңызды сәттің куәсі болды.

Іс-шарада жұмыс берушілермен әріптестікке айрықша назар аударылды: елдің жетекші ІТ-компанияларының өкілдері түлектерге жұмысқа орналасу сертификаттарын табыстап, жас мамандардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасы түлектерін мақтан тұтады! Олар оқу барысында білімдерін жетілдіріп қана қоймай, креативтілігімен, табандылығымен және бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Бұл күн олардың жүрегінде жаңа белестер мен болашақ жеңістердің символы болып сақталары сөзсіз.