МИТУ ғылыми кітапханасында «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды еңбектер, оның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары және Абайтану саласындағы зерттеу еңбектер қойылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарға Абай мұрасының терең мағынасын жеткізу, ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттау және жас ұрпақты кемеңгердің өнегелі ойларымен сусындату.