Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары Huawei Instructor Summit 2025 форумына қатысты
22 Тамыз 2025                  4053
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары Huawei Instructor Summit 2025 форумына қатысты

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары 22 тамыз күні Алматы қаласында өткен Huawei Instructor Summit 2025 халықаралық форумына қатысты.

Форум Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жетекші сарапшылар мен оқытушыларды, сондай-ақ Huawei компаниясының өкілдерін біріктірді. Саммит барысында цифрлық технологиялар саласындағы заманауи үрдістер, ІКТ-білім беруді дамыту перспективалары, оқу процесіне инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ Huawei ICT Academy аясындағы сертификатталған мамандарды даярлау бағдарламалары талқыланды.

Кафедра оқытушыларының қатысуы кәсіби байланыстарды кеңейтуге, басқа жоғары оқу орындарының әріптестерімен тәжірибе алмасуға және университеттің білім беру бағдарламаларында қолданылатын жаңа білім алуға мүмкіндік берді.