2025 жылдың 5 қыркүйегінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мәдени-ағартушылық концерт пен онлайн-байқау өтті. Іс-шараға 1-курс студенттері қатысты.
Мерекенің мақсаты – Қазақстанның тілдік және мәдени әралуандығына құрметпен қарауды қалыптастыру, елімізде тұратын халықтардың тілдерін насихаттау мен қолдау болды.
Шара барысында сөз сөйлегендер ұлтаралық татулықты нығайтуда мәдениеттер диалогы мен тілдік ықпалдастықтың маңыздылығына тоқталып, тілдік әралуандықты сақтау қажеттігін атап өтті. Слайд-шоуда қазақтың көрнекті лингвист-ғалымдары және олардың тіл мен білім туралы айтқан нақыл сөздері ұсынылды.
Көрермендер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылған өлеңдерді тыңдады. Бұл шара көрермендерге жылы әсер қалдырып, елдің бай мәдени мұрасын еске салды.
Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – Telegram платформасында өткен фильмдер мен мультфильмдерден үзінділерді дауыспен әрлеу бойынша онлайн-байқау болды. Онлайн дауыс беру нәтижесінде 1-курс студенттері арасынан жеңімпаздар анықталып, 1-ші және 2-ші орындарды иеленіп, жүлделермен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары:
1-орын
Тәңірберген Ғалым Асхатұлы
Бақытжан Нұрасыл Серікұлы
Екібасова Наргиз Мақсатқызы
Жұманқұлов Батырхан Қуанышбекұлы
2-орын
Османова Гүлназ
Сарычева Дина
Мадияр Аяулым
Ивченко Константин