Главная Новости METU MIA білім орталығындағы көрмеде университетті таныстырды
20 Қыркүйек 2025                  1037
METU MIA білім орталығындағы көрмеде университетті таныстырды

2025 жылдың 20 қыркүйегінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Маркетинг және кәсіби бағдар беру департаментінің мамандары, сондай-ақ университет белсенділері MIA білім орталығында өткен жоғары оқу орындарының білім көрмесіне қатысты.

Көрмеге 11-сынып оқушылары, колледждің бітіруші курс студенттері, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты. METU өкілдері университетті таныстырып, оқу бағыттары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берді.

Шара болашақ талапкерлерге университетпен жақынырақ танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

Автор: Мусақызы Ж.