Главная Новости "Мен оқып жүрген кітап" жобасы аясындағы дөңгелек үстел
01 Қазан 2025                  468
"Мен оқып жүрген кітап" жобасы аясындағы дөңгелек үстел

Бүгін МИТУ кітапханасы мен Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасы бірлесе отырып, студенттермен Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі «Махаббат, қызық мол жылдар» романына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер жазушының шығармашылығы, романдағы басты кейіпкерлердің бейнесі мен олардың өнегесі туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, жастарға берер тәрбиелік мәні, махаббат пен достық, адалдық пен ізгіліктің құндылығы талқыланды. Бұл кездесу студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиетті тереңірек тануға, рухани құндылықтарды бағалауға ықпал етті.