Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Алматылық Промсвязь зауыты» базасында «САПР жүйелерінің математикалық қамтамасыз етілуі» тақырыбында көшпелі сабақ өтті
04 Қазан 2025                  296
«Алматылық Промсвязь зауыты» базасында «САПР жүйелерінің математикалық қамтамасыз етілуі» тақырыбында көшпелі сабақ өтті

2025 жылғы 4 қазанда «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері үшін «Алматылық Промсвязь зауыты» базасында көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

Сабақты «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Карманов Д.А. жүргізді.

Сабақтың тақырыбы - «САПР (жобалаудың автоматтандырылған жүйелері) жүйелерінің математикалық қамтамасыз етілуі. Қарапайым бөлшектердің 3D модельдеуі». Сабақ барысында студенттер өндірісте қолданылатын заманауи САПР бағдарламалық құралдарымен, сондай-ақ бөлшектердің үш өлшемді модельдерін құру және өңдеу процестерімен танысты.

Практикалық бөлімде 3D-модельдер жасау әдістері көрсетіліп, инженерлік графика құралдарымен орындалатын типтік тапсырмалар қарастырылды. Ерекше назар математикалық қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен олардың өндірістегі қолданылуына аударылды.

Көшпелі сабақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайлармен байланыстыруға мүмкіндік берді.

«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы АО «Алматылық Промсвязь зауыты» басшылығына ынтымақтастығы мен тәжірибеге бағытталған оқытуды қолдағаны үшін алғыс білдіреді.