Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Профессор Рамона Бланестің қонақ дәрісі МИТУ-де
03 Қазан 2025                  171
Профессор Рамона Бланестің қонақ дәрісі МИТУ-де

Профессор Рамона Бланестің қонақ дәрісі MИТУ-де

2025 жылдың 3 қазанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Адам Смит атындағы Бизнес мектебінің (Глазго университеті, Ұлыбритания) аға оқытушысы, философия докторы (PhD), іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) профессор Рамона Бланес қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс тақырыбы — «Implementing the Public Value Concept in Decision-Making» (Шешім қабылдау үдерісінде қоғамдық құндылық тұжырымдамасын енгізу).

Профессор банк ісі, қаржы және менеджмент салаларындағы халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі басқарудағы қоғамдық құндылық концепциясының маңызы мен оны іс жүзінде қолдану жолдарын түсіндірді. Студенттер мен оқытушылар дәріс барысында белсенді сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.