CareerTalks жобасы аясында халықаралық «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының спикерлері қатысқан шеберлік сабағы өтті. Іс-шара қазіргі заманғы технологиялар мен азық-түлік өнеркәсібіндегі мансаптық мүмкіндіктерге арналды.
«Азық-түлік өндірісінің техникасы мен
технологиясы» кафедрасының студенттері ерекше белсенділік танытып, өндіріс,
тәжірибе және жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қойды.
Екінші спикер - компанияда 3-разрядты оператор болып жұмыс істейтін METU студенті өз тәжірибесімен бөлісіп, оқумен жұмысты қалай үйлестіруге болатынын және мамандық бойынша мансапты қалай бастауға болатынын түсіндірді.
Белсенді қатысқан студенттерге сусындар мен компанияның эксклюзивті өнімдері табысталды, бұл өнімдер әлі Қазақстан нарығында қолжетімді емес.
Осындай CareerTalks шеберлік сабақтары
студенттерге мамандықтың нақты мүмкіндіктерін көруге, теориялық білімнің
практикада қалай қолданылатынын түсінуге және өз мансап жолын сенімді бастауға
көмектеседі.