10 қазан күні METU-де «Банк жүйесіндегі IT-сала» тақырыбында CareerTalks кездесуі өтті.
Спикер ретінде Жасұлан Ақылаев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Tenge Bank» АҚБ бақылау кеңесінің төрағасы шақырылды. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, банктік индустриядағы IT-шешімдердің енгізілуі және олардың қаржы секторының дамуына әсері туралы айтты.
«Бағдарламалық инженерия» және «Экономика және бизнес» кафедраларының
білім алушылары белсенді түрде пікірталасқа қатысып, банктік процестердің
цифрландырылуы, IT-саласындағы жұмыс перспективалары және жас мамандар үшін
мансаптық мүмкіндіктер жөнінде сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер білім алушыларға алған білімдерінің нақты қолданылу үлгілерін көруге, өз дағдыларын дамытуға шабыттандыруға және болашақ мансаптық траекторияларын айқындауға көмектеседі.
CareerTalks METU-де студенттер мен сала көшбасшылары арасындағы ашық пікір алмасу мен кәсіби дамуға жол ашатын маңызды алаң болып қала береді.