Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Инженериядағы Smart технологиялар кафедрасының студенттері CareerNotes қонақ дәрісіне қатысты
26 Қыркүйек 2025                  195
Инженериядағы Smart технологиялар кафедрасының студенттері CareerNotes қонақ дәрісіне қатысты

  2025 жылдың 26 қыркүйегінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Инженериядағы Smart технологиялар кафедрасының студенттері Электр энергетикасы мен энергия үнемдеуді дамыту институт ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған CareerNotes атты онлайн қонақ дәрісіне қатысты.

  Дәріс барысында институт мамандары электр энергетикасы саласындағы қазіргі даму бағыттары, энергия үнемдеу технологиялары және жас инженерлердің кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

  Онлайн формат студенттерге қызықты сұрақтар қоюға, өзекті тақырыптарды талқылауға және сала мамандарынан құнды кеңестер алуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби ынтасын арттырып, болашақ мамандардың көзқарасын кеңейтеді.