Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры CareerTalks: Азық-түлік өнеркәсібі технологиясы - «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясына мансап жолы
09 Қазан 2025                  388
CareerTalks: Азық-түлік өнеркәсібі технологиясы - «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясына мансап жолы

CareerTalks жобасы аясында халықаралық «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының спикерлері қатысқан шеберлік сабағы өтті. Іс-шара қазіргі заманғы технологиялар мен азық-түлік өнеркәсібіндегі мансаптық мүмкіндіктерге арналды.

«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының студенттері ерекше белсенділік танытып, өндіріс, тәжірибе және жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қойды.

Екінші спикер - компанияда 3-разрядты оператор болып жұмыс істейтін METU студенті өз тәжірибесімен бөлісіп, оқумен жұмысты қалай үйлестіруге болатынын және мамандық бойынша мансапты қалай бастауға болатынын түсіндірді.

Белсенді қатысқан студенттерге сусындар мен компанияның эксклюзивті өнімдері табысталды, бұл өнімдер әлі Қазақстан нарығында қолжетімді емес.

Осындай CareerTalks шеберлік сабақтары студенттерге мамандықтың нақты мүмкіндіктерін көруге, теориялық білімнің тәжірибие барысында қалай қолданылатынын түсінуге және өз мансап жолын сенімді бастауға көмектеседі.