Главная Новости METU Тараз қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты
14 Қазан 2025                  203
METU Тараз қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты

2025 жылдың 14 қазанында Тараз қаласында "Жастар саясатын қолдау орталығының" ұйымдастыруымен жоғары білімнің "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық көрмесі өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) өзінің білім беру бағдарламаларын, жетістіктерін және болашақ студенттерге арналған мүмкіндіктерін таныстырды. Университет өкілдері презентация өткізіп, қатысушыларға оқу бағыттары, қабылдау шарттары және METU ұсынатын академиялық артықшылықтар туралы ақпарат берді.

Көрме жоғары сынып оқушыларын, колледж түлектерін, ұстаздар мен ата-аналарды біріктіріп, жастардың кәсіби бағдарлануына және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Автор: Мусақызы Ж.