Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Алтын белгі» иегерлерімен кездесу
20 Қазан 2025                  95
«Алтын белгі» иегерлерімен кездесу

Жуырда «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында меңгеруші, аға эдвайзер және оқытушылар «Алтын белгі» иегері - үздік түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқу мен кәсіби даму жоспарлары, ғылыми-зерттеу жобаларында және саладағы жетекші кәсіпорындарда практика өту мүмкіндіктері талқыланды. Талантты оқушыларға қолдау көрсету және олардың әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер оқытушылар мен табысты оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады және студенттердің жоғары жетістіктерге ұмтылысын арттырады.