Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU университетінде Қытайдың Ляонин политехникалық кәсіби университетінің өкілдері лекция оқыды
08 Желтоқсан 2025                  6444
METU университетінде Қытайдың Ляонин политехникалық кәсіби университетінің өкілдері лекция оқыды

METU университетінде Ляонин политехникалық кәсіби университетінің (ҚХР) Ақпараттық инженерия институтының аға оқытушылары PhD Ван Ян және Чжан Тяньтянь студенттерге ашық дәрістер өткізді.

PhD Ван Ян «Digital China: Innovative Practices and Future Trends of Internet Technology» тақырыбында Қытайдың цифрлық трансформациясы, интернет-технологиялардың даму бағыты, жасанды интеллект пен үлкен деректер саласындағы инновациялар туралы баяндады.

Чжан Тяньтянь, Ливерпуль университетінің (Ұлыбритания) магистрі, «Неліктен Big Data қажет?» атты лекциясында үлкен деректердің маңызы, олардың құндылығы, аналитикалық мүмкіндіктері және болашақ мамандарға қойылатын талаптар жөнінде түсіндірді.

Қонақтар Big Data саласында мамандар тапшылығының өсіп келе жатқанын атап өтіп, студенттерге бұл бағыттағы үлкен мүмкіндіктер мен кәсіби перспективаларды таныстырды.

METU университеті халықаралық әріптестікті нығайту және студенттердің заманауи IT-компетенцияларын дамыту мақсатында осындай кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жалғастырады.