«Облачные вычисления и виртуализация» пәнін аяқтау аясында METU студенттері «Академсеть» дата-орталығына оқу-тәжірибелік экскурсия жасады. Экскурсия барысында студенттер бұлтты есептеулер мен виртуализация технологияларының нақты өндірістік ортада қалай қолданылатынын өз көздерімен көрді.
Дата-орталық мамандары студенттерге дата-орталықтың жұмыс қағидаларын, серверлік инфрақұрылымның ұйымдастырылуын, виртуализация жүйелерін және бұлтты сервистерді орналастырудың нақты мысалдарын жан-жақты таныстырды.
Практикалық танысу барысында студенттер:
серверлік жабдықтардың құрылымымен танысты;
желілік инфрақұрылымның архитектурасын зерттеді;
виртуалды машиналарды басқару әдістерін үйренді;
деректерді сақтау және өңдеу технологияларын қарастырды.
Бұл экскурсия теориялық білімді бекітіп қана қоймай, IT-инфрақұрылым және бұлтты технологиялар саласында болашақ кәсіби қызметке қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті.