ТМО-25-1.2к тобының студенті Саламат Акбота Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында орналасқан Т. Рысқұлов атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық) 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жоғары білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері және болашақ кәсіби бағытты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.