Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің ұйымдастыруымен 1–3 курс старосталарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру және «Адал азамат» құндылықтарын насихаттау болды.
Кездесу барысында академиялық адалдық бағыты бойынша адал білім алу, плагиатқа жол бермеу, оқу тапсырмаларын әділ әрі жауапкершілікпен орындау, сондай-ақ емтихан және бақылау жұмыстары кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Заң мен тәртіп бағыты аясында студенттердің құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, университеттің ішкі тәртіп ережелерін орындау және қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, «Адал азамат» тұжырымдамасы таныстырылып, жастардың бойында жауапкершілік, адалдық, тәртіп, белсенді азаматтық ұстаным және қоғамға құрметпен қарау сияқты құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуге қатысқан старосталар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Аталған іс-шара студенттік ортада академиялық мәдениетті, құқықтық сауаттылықты және тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.