Главная Студентам Студенческие новости METU-дегі ашық диалог: студенттермен кездесулердің үшінші күні
30 Қаңтар 2026                  39
METU-дегі ашық диалог: студенттермен кездесулердің үшінші күні

Халықаралық инженерлік-технологиялық унниверситет (METU) университетінде студенттермен ашық диалог форматындағы кездесулердің үшінші күні өтті. Бұл жолы кездесу «Экономика және бизнес» кафедрасының студенттерімен ұйымдастырылды. Іс-шара университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды.

Кездесу Жастар саясаты департаменті мен Регистратор офисінің бірлесуімен өтті. Ашық диалог барысында студенттерге Platonus ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, оның негізгі функциялары және оқу үдерісін ұйымдастырудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сабаққа қатысу, академиялық және ішкі тәртіпті сақтау, сондай-ақ старосталардың оқу үдерісін үйлестірудегі рөлі мен жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Кездесу еркін әрі ашық форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ұсыныстарын білдіріп, нақты әрі толық жауаптар алды. Мұндай формат студенттердің белсенді қатысуына және университет өмірінің маңызды аспектілерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Сондай-ақ қатысушыларға университет көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамалары таныстырылды. Бұл жобалар студенттер арасында құқықтық мәдениетті, академиялық адалдықты және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Кездесулердің үшінші күні ашық диалогтың тиімді кері байланыс құралы ретіндегі маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай іс-шаралар студенттердің сұраныстарына жедел жауап беруге, олардың пікірін ескеруге және қолайлы әрі ашық білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. METU университетінде ашық диалог форматындағы кездесулер алдағы уақытта да басқа кафедра студенттерінің қатысуымен жалғасын табады.