Главная Новости Жатақханаларда профилактикалық тексеріс: студенттердің денсаулығына қамқорлық
22 Желтоқсан 2025                  3
Жатақханаларда профилактикалық тексеріс: студенттердің денсаулығына қамқорлық

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте (METU) университеттің медициналық қызметкерлері студенттік жатақханаларда жоспарлы профилактикалық обход (тексеріс) жүргізді. Іс-шара студенттердің денсаулығын нығайтуға және түрлі аурулардың алдын алуға бағытталды.

Тексеріс барысында мамандар студенттердің жалпы денсаулық жағдайын бағалап, олардың хал-жағдайына, тұру жағдайларына және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына назар аударды. Қажет болған жағдайда студенттерге жеке кеңестер беріліп, оқу жүктемесі кезеңінде денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысты ұсынымдар айтылды.

Іс-шара аясында аурулардың алдын алу бойынша нұсқама (инструктаж) жүргізілді. Медициналық қызметкерлер жеке гигиенаны сақтау, дұрыс ұйқы мен тамақтану режимі, медициналық көмекке уақытылы жүгіну және жатақханада тұру кезінде профилактикалық шараларды орындаудың маңыздылығын еске салды.

Профилактикалық тексеріс жылы әрі қолайлы атмосферада өтті. Студенттер мамандармен еркін сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және қауіпсіз, жайлы өмір сүру ортасын құруға ықпал етеді.

Университет алдағы уақытта да профилактикалық тексерулер мен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді, студенттердің денсаулығы мен әл-ауқатын басты назарда ұстауды жоспарлап отыр.