«Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиация колледжінің «Дрон-рейсинг және робототехника» бағыты бойынша білім алушысы, сондай-ақ Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының 3 курс ПИ-23-1.4к тобының студенті Қалдыбек Абылай жетекшісі Әлиасқар Мағжан Сүндетұлының қолдауымен қалалық ашық турнирге қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Турнир барысында ол шығармашылық ойлау қабілетін, жоғары дайындық деңгейін және белсенділігін айқын көрсете білді. Нәтижесінде студент арнайы сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістік – білім алушымыздың табандылығы мен кәсіби дайындығының, сондай-ақ оқу ордамыз бен «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының сапалы білім беру жұмысының айқын көрінісі.
Біз Қалдыбек Абылаймен мақтанамыз және жетекшісі Әлиасқар Мағжан Сүндетұлына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!