Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Кафедра «Инженериядағы Smart технологиялар»: METU × KIT алаңындағы студенттік идеялар мен инновациялар
27 Қаңтар 2026                  8
Кафедра «Инженериядағы Smart технологиялар»: METU × KIT алаңындағы студенттік идеялар мен инновациялар

2026 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) «Инженериядағы  Smart технологиялар" кафедрасы студенттерді, кәсіпкерлер мен инновациялар саласындағы сарапшыларды біріктірген «Іс жүзіндегі идеялар: METU × KIT» атты ауқымды іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Кафедра өкілдері студенттердің цифрлық және интеллектуалдық технологияларды инжиниринг саласында қолдануға негізделген жобалық және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Ерекше назар Smart-технологияларды білім беру процесіне енгізу және жастардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту мәселелеріне аударылды.

Іс-шара аясында METU мен Кәсіпкерлердің халықаралық қауымдастығы KIT арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл келісім білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Бағдарлама барысында KIT негізін қалаушы Даурен Бимовтың «Жаратушылар синергиясы» тақырыбындағы дәрісі тыңдалды, студенттік жобалар көрмесі ұйымдастырылды, тәжірибе алмасу сессиялары, нетворкинг және METU зертханалары бойынша экскурсия өтті.

«Инженериядағы  Smart технологиялар» кафедрасының бұл іс-шараға қатысуы университеттің инновациялық және кәсіпкерлік экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып, METU-дің жаңа буын — креативті, технологиялық және болашақты құруға дайын инженерлерді қалыптастыруға деген ұмтылысын айқындады.