Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU ректорының студенттермен кездесуі өтті.
06 Ақпан 2026                  118
METU ректорының студенттермен кездесуі өтті.

МИТУ университетінде ректордың студенттермен мазмұнды әрі әсерлі кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында ректор студенттердің басын қосып, олардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарына жан-жақты әрі толық жауап берді. Университет өміріне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, әрбір тақырып ашық форматта қозғалды.

Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, университеттің дамуына үлес қоса алатын тың идеяларымен бөлісті. Ұсыныстар мен пікірлер үлкен қызығушылықпен қабылданып, болашақта жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу барысында МИТУ ректоры өзін тек басшы ретінде ғана емес, студенттердің шынайы досы ретінде көрсете білді. Ол жастармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың пікірін тыңдаудың маңыздылығын атап өтті. Сұрақ-жауап алмасу өте белсенді өтті.

Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – ректордың өзінің студенттік шағынан естеліктерімен бөлісуі болды. Бұл әңгімелер студенттерге ерекше мотивация беріп, алға ұмтылуға үлкен серпін сыйлады.

Аталған кездесу университет пен студенттер арасындағы өзара сенімді нығайтып, бірлікті арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.