Главная Новости METU: Эдвайзерлер жұмысы - сапа мен нәтиженің кепілі
05 Ақпан 2026                  95
METU: Эдвайзерлер жұмысы - сапа мен нәтиженің кепілі

Кітапхананың конференц-залында Академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор А.А.Абдилдаеваның қатысуымен эдвайзерлердің жұмыс кездесуі өтті. Басты назар эдвайзерлердің студенттерді білімге және ғылыми ізденіске жетелеудегі жүйелі еңбегіне, оқу мен ғылымды ұштастыруға бағытталған бастамаларына, сондай-ақ тұлғалық даму мен жауапкершілікті қалыптастыруға арналған қызметіне аударылды.

Кездесу барысында А.А.Абдилдаева 2026 жыл университетте «Сапа және нәтиже жылы» деп жарияланғанын қаперге салып, бұл мақсатқа жетуде эдвайзерлердің атқаратын рөлі зор екенін атап өтті. Проректор әрбір эдвайзер студент пен университет әкімшілігі арасындағы басты алтын көпір екеніне екпін түсірді.

    Проректор әрбір эдвайзер өз тобындағы студенттердің сабаққа қатысу мониторингін күнделікті жүргізіп, себепсіз қалдыру деректері бойынша жедел әрекет етуі тиіс екенін қатаң ескертті.

    Жиналыс тек есеп беру түрінде емес, еркін пікір алмасу форматында өтті. Эдвайзерлер студенттермен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтарды, ата-аналармен байланыс орнату және академиялық мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын тікелей проректорға қойды.

 А.А.Абдилдаева эдвайзерлердің ұсыныстарын тыңдап, студенттердің ынтасын арттыру және сабаққа қатысуды жүйелі қадағалау бойынша нақты нұсқаулықтар берді.

Жиын соңында «Сапа және нәтиже жылы» аясында эдвайзерлердің қызметін жандандыру және студенттердің жауапкершілігін күшейту бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.