«Компьютерная графика и анимации» пәні аясында «Основные цветовые модели. Аддитивные и субтрактивные модели» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты лектор Мынбаева Ляйля Нурбековна жүргізді.
Сабақ барысында аддитивті және субтрактивті түстік модельдердің теориялық негіздері түсіндіріліп, олардың компьютерлік графикадағы қолданылу ерекшеліктері нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Лектор материалды түсінікті, жүйелі әрі заманауи тәсілдермен жеткізе білді.
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасу барысында өз білімдерін көрсетті. Ашық сабақта студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен талпынысы жоғары деңгейде байқалды.
Мынбаева Ляйля Нурбековнаның кәсіби шеберлігі, сабақты тиімді ұйымдастыра білуі және студенттермен кері байланысты дұрыс орната алуы ашық сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
Өткізілген ашық сабақ оқу үдерісіндегі тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосты.