Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Бейсебеков Жанибек Рафикулы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің арнайы марапатына ие болып, ішкі істер органдары тарихында осы марапатты алған ең жас қызметкер атанды.
Бұл жоғары марапат — Жанибек Рафикулының кәсіби біліктілігінің, жауапкершілігінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.
Айта кету керек, Бейсебеков Жанибек Рафикулы — университетіміздің 2024 жылғы түлегі. Ол «Программалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ПИ-21-1К (кол) тобында білім алып, оқу ордамызды табысты тәмамдады. Студенттік жылдарында-ақ мақсаткерлігімен, еңбекқорлығымен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленіп, бүгінде мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп келеді.
Жанибек Рафикулының бұл жетістігі — тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар университетімізде берілетін жоғары сапалы білімнің, тәрбие жұмысының және кәсіби даярлықтың нақты нәтижесі. Оның қызметтік жолы қазіргі студенттер үшін жарқын үлгі әрі үлкен мотивация көзі болып табылады.
Университет ұжымы Бейсебеков Жанибек Рафикулын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметінде толағай табыс, кәсіби өсім және ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейді.
Біз өз түлектерімізбен мақтанамыз!