Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU университетінде «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша Академиялық комитет отырысы өтті
11 Ақпан 2026                  58
METU университетінде «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша Академиялық комитет отырысы өтті

2026 жылғы 11 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «Экономика және бизнес» кафедрасының Академиялық комитетінің «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту мәселелеріне арналған отырысы өтті.

Отырыс университет кітапханасының конференция залында өтіп, оған оқытушылар, академиялық қауымдастық өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Отырыс барысында білім беру бағдарламаларының жобалары қарастырылып, оларды еңбек нарығының заманауи талаптарына, кәсіби стандарттарға және жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес өзектендіру мәселелері талқыланды. Түлектердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, оқытудың практикалық бағыттылығын күшейтуге және теория мен практиканы ұштастыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді. Аталған ұсыныстар бағдарламаларды одан әрі жаңарту және бекіту барысында ескерілетін болады.

Академиялық комитет отырысының өткізілуі «Экономика және бизнес» кафедрасының білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болып табылады және қаржы, есеп және аудит салалары бойынша бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға бағытталған.