Главная Новости Халықаралық академиялық байланыстарды дамыту: METU университетіне профессор Шәкизада Өтеуліқызы Ниязбекованың жұмыс сапары
06 Ақпан 2026                  55
Халықаралық академиялық байланыстарды дамыту: METU университетіне профессор Шәкизада Өтеуліқызы Ниязбекованың жұмыс сапары

2–7 ақпан аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде шетелдік шақырылған профессорШәкизада Өтеуліқызы Ниязбекова, экономика ғылымдарының кандидаты, РФ ЖАК доценті, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Қаржы факультеті Банктік іс және ақша-несиелік реттеу кафедрасының доценті іссапармен болды.

Апта бойы профессор университеттің студенттері мен оқытушылары үшін мазмұнды білім беру және ғылыми бағдарлама өткізді. Сапар аясында ғылыми диалогты дамытуға және озық тәжірибе алмасуға бағытталған дәрістер, академиялық консультациялар және кәсіби кездесулер ұйымдастырылды.

Профессор келесі өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:

  • «Прокторинг жүйесінде Python тілін пайдалана отырып, бейнелердегі тұлғаны танудың математикалық модельдері мен алгоритмдерін зерттеу»;
  • «Жаһандық отын-энергетикалық кешеннің қаржы секторындағы үрдістерді талдау»;
  • «Қазақстандағыжасылэкономика үшін жауапты тұтыну»;
  • «Заманауи оқыту әдістемелері бойынша университеттер арасындағы тәжірибе алмасу».

Студенттер арасында қаржы саласында цифрлық технологияларды қолдану, деректерді талдаудың заманауи әдістері және тұрақты даму мәселелері ерекше қызығушылық тудырды. Консультациялар барысында білім алушылар өз ғылыми жобаларын талқылап, сараптамалық ұсыныстар алу мүмкіндігіне ие болды.

Шетелдік профессордың сапары университет үшін маңызды оқиға болып, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтты және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті. Студенттер лектордың жоғары кәсібилігін, ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және алынған білімнің практикалық маңыздылығын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша «Экономика және бизнес» кафедрасының қолдауымен Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналда жариялауға жоспарланған бірлескен ғылыми мақала дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.