Главная Новости Халықаралық ынтымақтастық: Austral University (Аргентина) профессоры METU студенттеріне робототехника бойынша дәріс оқиды
13 Ақпан 2026                  81
Халықаралық ынтымақтастық: Austral University (Аргентина) профессоры METU студенттеріне робототехника бойынша дәріс оқиды

2025 жылғы 18 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) мен Austral University (Аргентина) арасында ғылыми және білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен академиялық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісім аясында робототехника саласының маманы, профессор Маркос Бамонте METU университетіне шақырылды. 2026 жылғы 16–27 ақпан аралығында профессор университет студенттері үшін робототехниканың заманауи бағыттары, зияткерлік басқару жүйелері және автономды технологиялардың даму перспективалары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді.

Шақырылған профессордың дәрістері студенттердің халықаралық тәжірибемен танысуына, заманауи ғылыми тәсілдерді меңгеруіне және робототехникалық жүйелерді әзірлеудің практикалық қырларын түсінуіне мүмкіндік береді.

Университет басшылығы Austral University университетімен ынтымақтастық халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды дамытуға, сондай-ақ инженерия және ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.