Главная Новости METU-де «OkBolashak» оқу орталығының оқушыларына арналған сынақ ҰБТ өтті
16 Ақпан 2026                  47
METU-де «OkBolashak» оқу орталығының оқушыларына арналған сынақ ҰБТ өтті

15 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университет METU-де «OkBolashak» оқу орталығының оқушыларына арналған сынақ ҰБТ ұйымдастырылды.

Тестілеу басталғанға дейін оқушыларға университеттің таныстырылымы өткізілді. METU өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің артықшылықтары, заманауи зертханалар, халықаралық ынтымақтастық және университеттің маңызды жетістіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар университет өміріндегі негізгі іс-шаралармен және ғылыми жобалармен танысты.

Сынақ ҰБТ оқушыларға өз білім деңгейін нақты тестілеу форматына жақын жағдайда тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, талапкерлер болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңес алып, университет мүмкіндіктері туралы толық мәлімет алды.

Осындай іс-шараларды ұйымдастыру METU-дің талапкерлерді қолдау және саналы кәсіби бағдар қалыптастыру стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда.

              Автор: Мусақызы Ж.