Іс-шара университет ректоры, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысуымен өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам дамуындағы орны, адамға бағдарланған мемлекет қағидаттарының маңыздылығы және жастардың азаматтық жауапкершілігі кеңінен талқыланды.
Университет ректоры өз баяндамасында Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуының стратегиялық негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту – еліміздің басты құндылықтары екеніне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында білім мен ғылымды, инновация мен технологияны дамыту мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі екені айтылды. Қазіргі кезеңде ел болашағы табиғи ресурстармен ғана емес, адам капиталының сапасымен, зияткерлік әлеуетімен және кәсіби біліктілігімен айқындалатыны ерекше атап өтілді.
METU университеті өзінің стратегиялық даму бағыттарына сәйкес жоғары білікті инженерлерді, технологтарды және басқару саласының мамандарын даярлауға басымдық береді. Университет білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру және инновациялық жобаларды қолдау арқылы еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып келеді.
Жиын қорытындысында студенттер Конституциялық құндылықтарды қолдайтындықтарын білдіріп, Қазақстанның құқықтық, әділетті әрі инновациялық мемлекет ретінде дамуына белсенді атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.