2026 жылғы 21
наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университет METU -де «Монетизация
идей» халықаралық бағдарламалау байқауының жартылай финалы өтті.
METU дарынды жастарды әрдайым қолдап, болашақ
IT-индустрия көшбасшыларының әлеуетін ашуға мүмкіндік жасайды. Биыл байқау
халықаралық деңгейге шығып, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен
құралған шамамен 30 команданы біріктірді. Қатысушылар өздерінің мобильді
қосымшаларын ұсынып, 45 білім беру гранты үшін бақ сынасты.
Жоба «1С»
Өкілдігінің, «1С Қазақстан» компаниясының, сондай-ақ «1С-Сапа» және «Слава ВЦ»
компаниялар тобының қатысуымен жүзеге асырылуда. 7 жыл ішінде байқауға 1
500-ден астам қатысушы тартылып, 64 жоба әзірленді және 20-дан астам авторлық
куәлік алынды.
Бүгінде
«Монетизация идей» байқауы тек жарыс қана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік ойлау
қабілетін, цифрлық құзыреттерді дамытуға және IT саласында сенімді бастау
жасауға арналған тиімді алаңға айналды. Жартылай финалдың METU базасында өтуі
қатысушылар үшін жаңа жетістіктерге бастар маңызды кезең болды.
Автор: Мусақызы
Ж.