Главная Новости Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзиялық челлендж METU-де өз мәресіне жетті
21 Ақпан 2026                  52
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзиялық челлендж METU-де өз мәресіне жетті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті қабырғасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған поэзиялық челлендж жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Ауқымды рухани бастамаға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер белсене қатысып, мыңға жуық жас ақын жырларын тебірене оқып, әлеуметтік желілерде кеңінен бөлісті.

Мерейтой аясында эдвайзерлік сағаттар, әдеби-танымдық кештер, мазмұнды кездесулер ұйымдастырылып, Мұқағали мұрасының тереңдігі мен тағылымы жан-жақты насихатталды. Әсіресе, METU-де білім алып жатқан шетелдік студенттердің қазақ тілінде ақын өлеңдерін ерекше ықыласпен орындауы – көрермендерге зор әсер сыйлап, поэзияның шекара танымайтын құдіретін айқын көрсетті. Бұл – Мұқағали шығармашылығына деген құрметтің халықаралық деңгейде екенін дәлелдеген тағылымды сәт болды.

Сонымен қатар, студенттер ақын мұражайына арнайы барып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті.

Мерейтойлық челлендж жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік мұрасын ұлықтауға, ұлттық руханиятымызды асқақтатуға және рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.