2026 жылғы 5 наурызда METU университетінің Маркетинг және
кәсіптік бағдар беру департаменті кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер және
студенттермен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын
ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға профориентацияны
қалай дұрыс өткізу керектігі, сондай-ақ талапкерлердің базасын дұрыс жинау және
ұсыну тәртібі түсіндірілді.
Маркетинг және кәсіптік бағдар беру департаментінің
директоры Қылышбай Алуа Анарханқызы барлық ұйымдастырушылық мәселелерді
жан-жақты түсіндіріп, эдвайзерлер мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға
жауап берді.
Кездесу конструктивті әрі нәтижелі форматта өтті.
Қатысушылар профориентациялық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша қажетті
ақпарат алды.
Автор: Мусақызы Жания