Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Экономика және
бизнес» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор Жұлдыз Тұрсынқызы Дильдебаева Алматы қаласындағы өзі
білім алған №86 мектеп-гимназиясына барды. Сапар барысында ол педагогикалық
ұжым мен оқушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, жоғары сынып оқушыларына
зор денсаулық, оқуда табыс, алға қойған мақсаттарына жету және болашақта
сәттілік тіледі.