Главная Студентам Студенческие новости METU студенттері Театр күніне орай мәдени кешке қатысты
24 Ақпан 2026                  133
METU студенттері Театр күніне орай мәдени кешке қатысты

Театр күніне орай Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) студенттері мәдени іс-шараға қатысып, қазақ өнерінің жауһар туындыларының бірі — «Жусан иісі» қойылымын тамашалады. Қойылым Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында өтті.

Іс-шараға университеттің 200-ге жуық студенті қатысып, театр өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Қойылым барысында көрермендер қазақ әдебиеті мен рухани құндылықтарын терең сезініп, әсерлі актерлік ойын мен сахналық көріністерге куә болды.

Мұндай мәдени шаралар студенттердің рухани дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына және ұлттық өнерге деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. METU студенттері үшін бұл кеш ерекше әсер қалдырып, театр өнерінің маңызын тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік берді.

Университет алдағы уақытта да студенттердің мәдени-рухани дамуына бағытталған осындай іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырады.