Главная Новости METU студенттері әскери кафедра өкілдерімен кездесті
11 Ақпан 2026                  122
METU студенттері әскери кафедра өкілдерімен кездесті

11 ақпан күні METU-де әскери кафедра өкілдерімен ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге әскери кафедраға қабылдану тәртібі, құжат тапсыру кезеңдері және іріктеу талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында әскери кафедра өкілдері білім алушыларға әскери дайындықтың маңызы, студенттер үшін беретін мүмкіндіктері және оқу процесінің ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, әскери кафедраға түсу үшін қажетті құжаттар, медициналық тексеру, іріктеу кезеңдері мен оқу мерзімі жөнінде толық ақпарат берілді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери дайындыққа қатысты маңызды мәліметтер алды. Мұндай кездесулер жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға және болашақта әскери дайындықтан өтуге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.