Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар кафедра меңгерушісімен бірге Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы ұйымдастырған "Еңбек адамы - 2025" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталды.
Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 2 наурызында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кіші Концерт залында өтті. Іс-шара барысында қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан әртүрлі еңбек салалары өкілдерінің жетістіктері атап өтілді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарының осы іс-шараға қатысуы жетекші мамандардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, еңбек пен кәсіби шеберлікке құрмет көрсетудің маңыздылығын да айқындады.