Главная Новости METU Қарағанды қаласында өткен «BILIMDI KELESHEK – II» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты
12 Наурыз 2026                  52
METU Қарағанды қаласында өткен «BILIMDI KELESHEK – II» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты

2026 жылғы 12 наурызда METU университеті Қарағанды қаласында өткен «BILIMDI KELESHEK – II» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.

Іс-шара мектеп түлектері мен жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктіріп, талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік берді. Көрме барысында METU университетінің өкілдері оқушылар мен олардың ата-аналарына университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және оқуға түсу талаптары туралы мәлімет берді.

Көрме қатысушылары METU университетіндегі білім алудың артықшылықтары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, тағылымдамалар және студенттік өмір туралы ақпарат алды.

Көрме болашақ талапкерлермен тікелей байланыс орнатуға және METU университетінің білім беру мүмкіндіктерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.

          Автор: Мусақызы Жания