Кафедрада «6В07105 – Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің отырысы өтті. Отырысқа жұмыс берушілер, сарапшылар және студенттер қатысты.
Отырыс барысында оқу жоспарын қазіргі кәсіби талаптар мен халықаралық стандарттарды ескере отырып өзектендіру мәселелері қаралды. Кафедра меңгерушісі білім беру бағдарламасының мазмұнын, академиялық құрамды және оқу жоспарын таныстырды.
Талқылау барысында оқытушылар мен жұмыс беруші өкілдері студенттердің практикалық дағдыларын дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Практикалық сабақтар санын арттыру, оқу жоспарына қолданбалы пәндерді енгізу, сондай-ақ өндірістік тәжірибені күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, жұмыс беруші тарапынан практикалық семинарлар мен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы студенттердің кәсіби дайындығын арттыру ұсынысы айтылды. Студенттер тарапынан өндірістік тәжірибеден өту үшін кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту, практикалық дайындықты күшейту және оқу үдерісін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.