2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің "Биохимиялық инженерия"
кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі - Елена
Владимировна Солодова жетекші еуропалық техникалық университеттерде — Riga
Technical University (Латвия) және Kaunas University of Technology (Литва).
Тағылымдама GreenTech Horizons халықаралық бағдарламасы аясында
"Шығыс көршілес, Орталық Азия және Азия елдерінде білім беру және
инновациялар арқылы экологиялық таза және цифрлық технологияларға қосарланған
көшуді дамыту" жобасы бойынша іске асырылды.
Тағылымдама барысында жасыл және цифрлық технологияларды білім беру
процесіне интеграциялаудың заманауи тәсілдері, тұрақты даму контекстінде
инженерлік білім беруді дамыту мәселелері, сондай-ақ ғылыми және инновациялық
жобаларды іске асырудың озық тәжірибелері зерделенді.
Бағдарламаға қатысу халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға,
шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және биоинженерия, экологиялық
технологиялар және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық
бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Алынған білім мен құзыреттер қазіргі заманғы білім беру
бағдарламаларын дамытуға және халықаралық инженерлік-технологиялық
университеттің халықаралық ұстанымын нығайтуға ықпал ете отырып, университеттің
білім беру және ғылыми қызметіне енгізілетін болады.