Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры "Бағдарламалық инженерия" кафедрасының лекторы Erasmus+ GreenTech Horizons жобасына қатысты (Литва, Латвия)
22 Қаңтар 2026                  26
"Бағдарламалық инженерия" кафедрасының лекторы Erasmus+ GreenTech Horizons жобасына қатысты (Литва, Латвия)

2023 жылғы 19-23 қаңтар аралығында ХИТУ-дың оқытушылары Erasmus+ GreenTech Horizons жобасы аясында халықаралық оқытуға қатысты. Жоба жоғары білім саласында жасыл және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Оқытуға "Бағдармалық инженерия" кафедрасынан дәріскер Демеубаева Л.К. қатысты. Оқыту Литва мен Латвияда, Kaunas University of Technology және Riga Technical University базасында өтті. Оқу барысында Қазақстан, Литва, Латвия, Сербия, Монғолия және басқа елдерден келген университеттер, ғылыми орталықтар және технопарктердің өкілдері қатысты.

Оқыту барысында AI құралдарын білім беру саласында қолдану, тұрақты даму және GreenTech әдістері, киберқауіпсіздік, деректер этикасы, Smart Cities тұжырымдамасы және e-learning курстарын жобалау сияқты негізгі тақырыптар қарастырылды. Сонымен қатар, Каунас технологиялық университетінің ғылыми орталығына, технопаркіне және кітапханасына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар GreenTech саласындағы озық технологиялар мен ғылыми жетістіктермен танысты.

Алынған білім мен тәжірибе ХИТУ-да білім беру бағдарламаларын жаңарту және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи оқыту әдістерін енгізу үшін қолданылатын болады. Бұл жоба университеттің білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды қадам болды.