Главная Новости Шаңырақ – ұлттық құндылықтың алтын діңгегі: «Отбасы құндылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел
17 Наурыз 2026                  65
Шаңырақ – ұлттық құндылықтың алтын діңгегі: «Отбасы құндылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

    17 наурыз – Наурызнама күнтізбесі бойынша Шаңырақ күні. Қазақ үшін шаңырақ – тек үйдің күмбезі ғана емес, ол – бірліктің, тәрбиенің, махаббаттың, ұрпақ сабақтастығының символы.  Соған орай ғылыми кітапхана мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафдерасының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Шара барысында қатысушылар шаңырақ ұғымының терең мәніне үңіліп, отбасының қоғамдағы орны, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызы туралы ой бөлісті. Осындай мазмұнды кездесулер жастардың санасына отбасылық құндылықтарды сіңіруге үлкен септігін тигізеді.