«Бағдарламалық инженерия» кафедрасында «Жасанды интеллект» пәні аясында «Шешім ағаштары мен ансамбльдер» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақты кафедра оқытушысы, лектор Нұртуған Ғалымжан Бауыржанұлы өткізді. Сабақ барысында студенттерге жасанды интеллект саласындағы маңызды әдістердің бірі – шешім ағаштары (Decision Trees) мен ансамбльдік әдістердің (Ensemble Methods) теориялық негіздері мен практикалық қолданылу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Лектор тақырыпты заманауи мысалдармен, түсінікті визуалдармен және интерактивті тәсілдер арқылы жеткізіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Сабақтың ерекше ерекшелігі – оқытушының жоғары деңгейдегі оқыту әдістемесі мен педагогикалық шеберлігі болды. Лектор Нұртуған Ғалымжан Бауыржанұлы материалды өте жүйелі, түсінікті және қызықты түрде түсіндіріп, студенттермен үнемі кері байланыс орнатып отырды. Нәтижесінде сабаққа қатысқан студенттердің 100 пайызы белсенді түрде қатысып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты.
Сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылып, жасанды интеллект және шешім ағаштары тақырыбына байланысты қызықты ойындар мен пікір алмасу форматындағы тапсырмалар өткізілді. Бұл әдіс студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың өзара пікір алмасуына және білімдерін практикалық тұрғыда бекітуіне мүмкіндік берді. Ашық сабаққа бақылаушы ретінде «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Сақыпбекова Меруерт Жұмабековна қатысты. Сабақ соңында кафедра меңгерушісі лектордың кәсіби деңгейіне, сабақ жүргізу әдістемесіне және студенттердің белсенді қатысуына жоғары баға беріп, өткізілген сабақтың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Жалпы алғанда, лектор Нұртуған Ғалымжан Бауыржанұлының сабақ өткізу әдістемесі, тақырыпты терең меңгеруі және студенттермен тиімді жұмыс жүргізу қабілеті жоғары кәсіби деңгейде екендігі байқалды. Ашық сабақ білім сапасын арттыруға, заманауи оқыту әдістерін енгізуге және студенттердің жасанды интеллект саласына деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты.