Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры NeuroMark Team: МИТУ студенттері — халықаралық олимпиада жүлдегерлері
26 Наурыз 2026                  69
NeuroMark Team: МИТУ студенттері — халықаралық олимпиада жүлдегерлері

«Маркетинг» БББ 3-курс студенттері Тукымбай Ахмедияр, Титаренко Артур, Седых Полина, Суюнов Нурлан МИТУ атынан лайықты өнер көрсетіп, «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбындағы IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасында жүлделі орынға ие болды. Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті.

Студенттеріміздің жоғары нәтижесі олардың кәсіби дайындығын, заманауи цифрлық технологияларды меңгергенін және маркетинг пен логистика саласында білімдерін тиімді қолдана алатынын дәлелдейді. Осындай деңгейдегі халықаралық олимпиадаға қатысу бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастырудағы маңызды кезең болып табылады.

Студенттерді жоғары деңгейде дайындап, қолдау көрсеткені үшін ғылыми жетекші Дильдебаева Ж.Т.-ға ерекше алғыс білдіреміз.

Алдағы уақытта да табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!